$ 449.58  486.94  4.86

Өскеменде аялдамада автобус күтіп отырған зейнеткер қайтыс болды

Өскеменде аялдамада өз автобусын күтіп отырған қарт кісі қайтыс болды деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 17 мамыр күні түскі уақытта 102 кезекшілік номеріне жедел жәрдем дәрігерлерінен қоңырау келіп түскен. Олар қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамада егде тартқан ер азаматтың мәйіті жатқанын хабарлапты.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер анықтағандай, марқұм алдымен тұрып тұрған екен. Кейін кенет өзін нашар сезініп, жерге құлап түскен.

"Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар дереу жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер оқиға орнына шұғыл жеткенімен 78 жастағы ер адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға Абай даңғылының бойында "Темірлан" сауда үйіне қарсы беттегі аялдамада болған", - дейді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары