$ 444.22  476.38  4.82

Кубада 107 жолаушысы бар ұшақ құлады

Гавана әуежайынан ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы әуеге толық көтеріліп бітпей жатып жерге құлады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлап отыр.

Ал, Mirror агенттігінің хабарлауынша, ұшақ бортында барлығы 107 жолаушы болған.

 

Құлаған әуе көлігі кубалық Cubana de Aviacion компаниясына тиесілі деп мәлімдеді CNN телеарнасы. Ұшақ Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы Гайана еліне жол тартқан. Алайда, әуежайдан көп ұзамай ол апатқа ұшырады.

Дегенмен, EFE агенттігінің тілшілері басқаша пікірде. Олар ұшақтың құламағанын, тек ұшпай жатып өртеніп кеткенін жазуда. Қазіргі таңда әуежай маңы қоршалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары