$ 444.22  476.38  4.82

Бейонсе 850 мың долларға шіркеу сатып алды

Америкалық әнші Бейонсе Жаңа Орлеан қаласынан 850 мың долларға шіркеу сатып алды деп жазады TMZ басылымы.

Ғимарат 700 шаршы метр аумақты алып жатыр. Шіркеу 1900 жылы тұрғызылған. Бірақ соңғы бірнеше жылдан бері ғибадатхана ретінде жұмысын тоқтатып, қаңырап бос тұр.

Басылымның мәліметінше, шіркеуге жақын маңда әншінің әпкесі Соланж көшіп келіп, қарауына алады екен. Ашылғанына небәрі 1 апта болса да мұнда келушілердің саны 900 адамға жеткен.

Желі қолданушыларының айтуынша, шіркеуде литургияны әншінің өзі орындайды. Бірақ шіркеу сатып алғаны жөнінде Бейонсе ешкімге әлі тіс жармаған.

 

Дереккөз: Lenta.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары