$ 444.22  476.38  4.82

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Атырау облысындағы жол апатынан бір адам қаза болып, үш адам ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы Атырау-Индер трассасының бойында қала маңындағы Бесікті ауылында болды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам оқиға орнында қаза болып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Осы кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Соқтығысқан көліктер «Лада Приора» мен «ВАЗ-2110».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары