$ 448.15  483.46  4.86

Атырауда жер үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін Атырауда Құрманғазы көшесінде орналасқан жер үйден өрт шықты деп хабарлайды «Мой город».

Өртке оранған үйдің видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, өрт бірден басталып, аз уақыт ішінде бірнеше аймаққа жайылып үлгерген. Жалыннан ғимараттың терезелері түтінге оранып көрінбей қалған.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндірушілердің жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды. Өрттің шығу себеп салдары анықталып жатыр. Сондай-ақ, әзірше жапа шеккендер туралы айтылмады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары