$ 444.22  476.38  4.82

Павлодарда көлік аударылып қалды

Павлодар қаласында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды деп жазады pavlodarnews.kz.

Жол көлік оқиғасының куәгерлері суреттерді Instagram желісіндегі @tipavlo  парақшасына жүктеген. 

Жол апаты  Қамзин-Радищев көшелерінің қиылысында болған. 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген  ВАЗ 21 99 көлігі Honda Civic-пен соқтығысты. Нәтижесінде шетелдік автокөлік аударылып қалды. Көлік жүргізушісі аман. 

"Жол көлік оқиғасы түнгі сағат 3:10-да орын алған", - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Радищев  көшесімен келе жатқан ВАЗ 21 99 көлігі басқа көлікпен соқтығысқан. Абырой болғанда, екі көлікке де жолаушылар отырмаған. Жүргізушілер зардап шеккен жоқ.

Фариза Қазыбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары