$ 444.22  476.38  4.82

"Шала қазақша" сөйлеген Қарғұсованы желі қолданушылары күлкіге айналдырды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова шала қазақша сұхбат беремін деп күлкіге қалды.

Азаттық радиосы әзірлеген видеоматериалда Қасым Жомарт Тоқаевтың "бірінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту қажет пе?" деп көтерген мәселесіне депутаттар жауап берген. Депутат Қарағұсова бұған қазақша жауап беруге тырысып-ақ бақты. Дегенмен оның бұл "сенсациясы" көпшілікті қуанта алмады. Керісінше, жұртқа күлкі боп, ұятқа қалды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі депутатты "нұркарагусилнгус" тілінде сөйледі десе, екіншісі "мүмкін депутаттар тілі шығар" деп келеке етті. Ал тағы басқалары "күлсең кәріге күл" деп саясаттың әбден "сүйегін мүжіп, майын ішкен" Қарғұсованың қартая бастағанын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары