$ 523.17  550.06  4.93

Қазақстанда қалады: Сайрагүл Сауытбай сот залынан босап шықты

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға Алматы обылсы Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық соты үкім шығарды.

«Айыпталушы Сайрагүл Сауытпай 2018 жылдың 5 сәуірінде қорғас кеден бекетін қасақана кесіп өткен. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны анықталды. Алайда БҰҰ-ның 1994 жылы NewYork-бекітілген бала құқығын қорғау конвенциясында жазылғандай балалар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.

Сот айыпталушының кәмелет жасқа толмаған 2 баласы барын ескерді. Балалар құқығын қорғау конвенциясында көрсетілген 54 бап 4 бөлігі бойынша Сайрагүл Сауытбайды сот шетелдік адам ретінде сыртқа шығарып жібере алмайды.

Оның Қылмыстық кодекстің 53 бабы бойынша жасаған қылмысына өкінетінін, қылмысқа отбасымен қосылу үшін барғанын, 54 бабы бойынша қылмысты ауырлататын мән-жай анықталмағанын ескере отырып, сот ҚР міндетті жаза ретінде кінәлі деп танып, 6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарды. Ол сот залынан босатылсын», - деді судья Құйқабаева.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары