$ 494.87  520.65  4.91

Бас прокуратура Абай ауылындағы зорланды деген жасөсіпірмге қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның бас прокуратурасы Түркістан облысындағы Абай ауылында тұратын 16 жастағы жасөспірімді екі жігіт зорлап, ақша бопсалағанына қатысты түсініктеме берді деп жазады Sputniknews.kz.

Қадағалау органының редакцияға жолдаған жауабында зардап шегушінің отбасынан 2016 жылдың желтоқсанында, 2017 жылдың ақпаны мен шілдесінде үш рет арыз түскені айтылады.  

Екі арыз облыстық прокуратураға қайта жіберілсе, үшіншісіне жауапта қылмыстық істі қарау барысы туралы айтылған.  

«Қазіргі таңда Түркістан облысы ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты, толық және әділ зерттеуге бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Бас прокуратураның мәліметінше, қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.  

Жиырма екі жастағы Абай ауылының тұрғыны алты жыл бұрынғы сұмдық оқиғаны амалсыздан айтып берген болатын. Жас жігіттің отбасы құқық қорғау органдарына бірнеше рет арызданған, одан түк шықпаған. Жігітті қорлағандар әлі жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шегушінің айтуынша, оны үш жыл бойы екі ер адам зорлап, одан кейін ақша бопсалаған.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары