$ 444.22  476.38  4.82

Мотоциклмен келе жатқан жігіт сиырды қағып, алған жарақатынан өзі мерт болды

5 тамыз күні Алматы-Екатеринбург тасжолында 35 жастағы жігіт мотоциклмен келе жатқан сиырды қағып, алған жарақатынан өзі қайтыс болды деп жазады Костанайские новости.

Suzuki маркалы мотоцилмен зымырап келе жатқан ер адам өз жолымен жолды кесіп өтпек болған сиырды қағып кетеді. Оқиғаны жергілікті тұрғындардың бірі өз көзімен көрген.

Сарыкөл аудандық ауруханасына жеткізілген жігіт хирургия бөлімінде көз жұмған.

Қазір ҚР ҚК-нің «Жол ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары