$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда шарапқа тойып алған жүкті әйел құрбысын өлтіріп қоя жаздады

Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде әйелдер арасындағы жанжал 9 маусым күні болған деп жазады «Наша газета».

5 құрбы үйдің алдында шарап ішіп, демалмақшы болған. Айыпталушы да алты айлық жүктілігіне қарамастан спирттік ішімдіктен бас тартпапты.

Біраз масайып қалған соң, олар бір-бірімен жанжалдаса бастаған. Соңында жәбірленуші кеуде қуысы мен ішінен, аяғынан пышақ жарақатын алады.

Жәбірленушінің айтуынша, оның есінде ештеңе қалмапты. Жүкті құрбысы оның бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрып, содан кейін пышақ ала жүгірген.

Әйелдің айтуынша, айыпталушымен үш жылдан бері араласып келеді екен. Алайда, сол уақыт ішінде екеуінің арасында ешқандай келіспеушілік болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары