$ 444.22  476.38  4.82

Жедел жәрдем қызметкерін ұрған түрік азаматы екі жылға сотталуы мүмкін

Жедел жәрдем қызметкерін жағадан алған Түркия азаматы сабасына түсіп, кешірім сұрады. 27 жастағы Әли Демір жүргізушіні ұрған себебін түсіндірді. Сөйтсе, бірнеше күн бұрын көлігін әлдебіреулер ұрлап әкетіпті. Қаны басына шапқан жігіт ашуын 61 жастағы қарттан алған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Әли Демір бес айлық баласының барын айтып жалбарынған. Бірақ таяқ жеген жүргізуші кешірім беруден бас тартты. Істі сотқа дейін жеткізуге ниетті. Әли Демір оған адвокаты арқылы емін төлеп беруді де ұсыныпты. Алайда ұсынысты да кері қайтарған Николай Кучма одан моральдық шығын көлемін өндіріп алмақ. Сөйтіп ауруханаға жатқызылған азамат әділ шешімді сот құзырына тапсырды. Ал өзінің әкесіндей кісіні ұрып жұртты шулатқан Түркия азаматы жеті жылдан бері Қазақстанда кәсібін дөңгелетіп келеді екен. Әйелі еліміздің азаматшасы.

Полицейлер іздеп тауып, абақтыға жапқан оны прокурорлар бүгін босатып жіберді. Сөйтсе, күдікті кепіл ақша төлеген екен. Тергеу аяқталғанша енді ол бостандықта жүре тұрады. Егер кінәсі сотта дәлелденсе, Түркия азаматы көп мөлшерде айыппұл арқалап немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары