$ 498.34  519.72  4.85

Демалыстан келген ерлі-зайыптылар қыздарын әуежайда ұмытып кеткен

Германияда ерлі-зайыптылар Штутгарт әуежайында қыздарын ұмытып кеткен деп жазады Exspress.

Олар еңбек демалысынан келіпті. Алайда, әйелі мен күйеуі қыздарын әуежайда ұмытып кеткендерінен бейхабар болған.

Әуежайда жалғыз жүрген кішкентай қызды көрген жолаушылар бірден полицияға хабар беріпті. Олар сол жерде бала жоғалуы туралы хабарлайды, алайда оны ешкім іздеп келмеген.

Содан қызды Штутгарт полиция бөлімшесіне алып кетеді. Артынша ата-анасы қыздарын іздеп бөлімшеге келген.

Анықталғандай, ерлі-зайыптылар үйге барғанда ғана қыздарының жоқ екенін білген. Әуежайдан бөлек қайтқан екеуі де қыз екі көліктің біреуіне мінді деп ойлапты.

Дереккөз: Диапазон

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары