$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде 9 жасар бала екі қолынан айрылып қалды

Ақтөбеде тоқтан күйік алған 9 жасар бала екі қолынан айырылып қалды деп жазады Мой город.

5 қазанда 9 жасар бала Шалқар қаласында мектептің ауласындағы трансформаторға шығып, екі қолынан күйік алған.

Бұл оқиға сабақтан кейін болған. Баланы ары-бері өткендер көріп қалып, бірден жедел жәрдемге хабарласыпты.

Бала ауруханаға жеткізіліп, оған 10 қазанда ота жасалған. Алайда, дәрігерлер оның екі қолын сақтап қала алмады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары