11.10.2018, 12:11

Ислам Кәрімовтың бірінші некесінен туған ұлы өзбек әуе компаниясын сотқа берді

The Qazaq Times

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің бірінші некесінен туған ұлы Петр Мәскеудегі Тверск аудандық сотына шағымданып, жұмыс берушілерден жұмысшылар айлығын беруді талап етті деп жазады The Qazaq Times.

Тверск аудандық соты Каримов деген азаматтың «Узбекистон хаво йуллари» әуе компаниясын сотқа бергенін растады.

«Бізде расында шағым берушілер арасында Каримов деген фамилия бар. Бірақ оның Өзбекстанның экс-президентінің ұлы ма, жоқ па, білмеймін. Оның шағымы бойынша сот отырысы 24 қазанда өтеді. Жауап беруші – «Узбекистон хаво йуллари», - деді Тверск аудандық сотының төраға орынбасары Анастасия Дзюрко.

Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Петр Каримов ұзақ жылдар бойы «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясында басшылық қызметте істеген.

Бірақ 2016 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, қызметінен алынған. Петр Каримовтің шағымы бойынша, компания жұмыстан шығарар алдында айлық төлемеген. Бірақ «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Зумрад Шоджалилов жергілікті БАҚ-қа компанияның Петр Каримовпен толық есептескенін айтқан. Шағымданушыға да, осылай деп жауап берген.

Ислам Каримов тірі кезінде оның Петр атты ұлы жөнінде ашық айтылмайтын. Бірақ соңғы жылдары БАҚ беттерінде Ислам Каримовтің Наталья Кучмамен арадағы некеден ұлы бар екендігі ашық жазылып жүр.

Қазір 1969 жылы туылған Петр Каримов Исламұлы Мәскеу облысында тұрады. Экономика саласының маманы. Ол осыған дейін біраз уақыт «Азия-Инвест Банктің» басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.