Жаңалықтар 11.10.2018 сағат 05:22

Алматыда жүк көлігі аударылып қалды

Алматыда Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында шағын жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Алматыда жүк көлігі аударылып қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Куәгерлердің айтуынша, Mazda жүк көлігі Момышұлымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бұл кезде Toyota Caldina оған қарсы бағытта жүріп бара жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Жаңажол көшесіне солға бұрылмақ болып, жүк көлігіне соқтығысқан. 

Mazda қатты соққыдан аударылып кетіп, шамамен 10 метрге ұшып түскен. Салдарынан екі адам – жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, ал жолаушыны дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберді.   

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар