$ 444.22  476.38  4.82

Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына белгісіз біреулер оқ атты

Қостанай облысында аудандық ІІБ ғимаратына оқ атылды. Төтенше жағдай Меңдіқара ауданы Боровской ауылында болған деп жазады Tengrinews.kz.

16 қазанда белгісіз біреулер аудандық полиция бөлімшесіне оқ атып, оқиға орнынан жасырынған. Полициядағылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. 

«Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары