$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде 2018 жылы 1,5 млн адам онлайн сауданы тұтынған

2018 жылдың басынан бері Қазақстанда 250 жаңа электронды сауда субъектісі тіркелген. Бұған қоса, 1700 интернет-дүкен жұмыс жасаса, сатып алушылар саны 1,5 млн адамға дейін артты.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, электронды сауда саласындағы өкілдердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Атамекен» ҰКП-мен «Онлайн бизнеске шығу» бизнесті жүргізуді сервистік қолдау арқылы базалық цифрлық дағдыларды оқыту жүргізілуде.

«Электронды коммерциядағы бизнестің құзыреттілігін арттыру үшін «Қазпошта» АҚ негізінде Астанада алғашқы Электронды коммерция орталығы (E-commerce орталықтары) ашылды. Ол дайын онлайн-дүкендерді құру мен оқыту бойынша қызметтерді көрсетеді. 2018 жылдың ішінде осындай орталықтар Алматы қаласында ашылып, Қарағандыда жылдың соңына дейін ашылуы жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы ҚР электронды сауда нарығының көлемі 107 млрд теңгені құрады. Яғни, 36,2% өсім байқалды. Жедел деректер бойынша, 2018 жылдың 1 жарты жылындағы электронды сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымы жалпы көлемінің 2,9 пайызын құраған. Яғни, 2 есе өсім байқалып отыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың соңында электронды сауданы қолдау және дамыту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен 2018-2020 жылдарға арналған «Электронды сауданы дамытудың жол картасы» бекітілген болатын. Бұған бөлек, қолайлы бизнес-орта құру және электронды сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 2018 жылдың 1 қаңтарында Салық кодексі қабылданған болатын. Оған сәйкес, электронды сауда саласының корпоративтік және жеке табыс салығынан алынатын салықтан 0 пайызға дейін босатудың белгіленген тәртібі бекітілген еді. Бұл ереже 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары