$ 449.3  489.69  4.89

«Жүргізуші ұйықтап кеткен»: Қостанайда жол апаты болды (ВИДЕО)

«Золотой фазан» демалыс аймағына жақын маңда жол апаты болды деп жазады kstnews.kz.

Кадрдан Audi автокөлігінің жол жиегіндегі темірге соғылғанын анық көруге болады.

Куәгерлердің бірі жол апатына ұшыраған автокөлікті видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген.

«Жүргізуші ұйықтап кеткен. Құдай үшін жолда автокөлік жүргізіп келе жатып ұйықтамаңыздаршы. Қатты ұйқы қысса, тоқтап, ұйықтап алыңыздар», − дейді куәгер кадр сыртында.

Жол апатынан жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары