$ 449.3  489.69  4.89

Керчь колледжіне жасалған шабуылға байланысты жаңа деректер шықты

Керчь колледжіне шабуыл жасаған Владислав Росляков атыс шығармас бұрын өзінің жеке заттарын өртеп, белгісіз бір сейфті көміп тастаған деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, өртенген заттардың ішінде суреттер, дәптерлер және діни әдебиеттер болған. Бұдан бөлек БАҚ өкілдері Росляковтың сейфті көтеріп бара жатқаны түсірілген видеоны жариялады. Кейінірек оның сейфті көміп тастағаны айтылады. Бірақ сейфтің ішінде не болғаны белгісіз.

Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікті – төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған. 

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, мұғалімдер Росляковты қарапайым студент деп сипаттаған: ашуланбайтын, шәкіртақы алатын, заңды бұзбайтын азамат.

Севастопольде қайғылы оқиғадан кейін үшкүндік аза тұту күні жарияланды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары