Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

30.10.2018, 14:41

Солтүстік аймаққа қоныс аударғандар баспанамен қамтылады

Алдағы үш жылда солтүстікке қоныс аударған үш мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлімдеді деп жазады Sputniknews.kz.

Министр жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстану кезінде қоныс аударған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды фактор екенін атап өтті.

«Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламада жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударғандарға тұрғын үй салу және сатып алу механизмі көзделген. Бұл тәсіл, ең алдымен, Солтүстік Қазақстан облысында апробациядан өткізіліп, кейін басқа өңірлерде қолданылады», – деді Әбілқасымова үкімет отырысында.

Айтуынша, солтүстікке көшкен отбасыларды үймен қамту үшін бюджеттен 2019-2021 жылдары 15 миллиард теңге қарастырылған. 

«Нәтижесінде облыста алдағы үш жылда 3000-ға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – деді ол. 

Сондай-ақ, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден 1 488 отбасы немесе 4 925 адам қоныс аударған.  Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 2,5 мың адам қатарынан 1,5 мыңға жуық адам немесе 56%-ы жұмысқа орналастырылды, 87 адам кәсіпкерлікпен айналысып жатыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.