$ 498.34  519.72  4.85

Оралда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың анасы: «Қызымды қайтарыңыздаршы»

19 жастағы Гүлдана Тұржанованың із-түссіз жоғалып кеткеніне 15 күн болды және ол туралы ешқандай ақпарат жоқ деп жазады Мой город.

Анасы Альбина Төлеуованың айтуынша, ол қызын соңғы рет 21 қазанда отбасылық кешкі ас үстінде көрген. Ал таңертең Гүлдананы ешкім көрмепті.

«Оның жеке заттарының барлығы үйде қалған. Не құжатын, ақшасын, телефонын да өзімен бірге алмапты. Үстіне қыстық қара куртка мен аяқ киім және қара шалбар киген. Денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ. Ұрыс-керіс те болмаған. Оған біз ешуақытта дауыс көтерген емеспіз. Гүлдана менің жалғыз қызым. Ол педагогикалық колледждің 4-курсында оқиды. Биыл жазда диплом алайын деп отыр еді. Жауапкершілігі бар қыз. Бір жерге баратын болса, маған ескертіп кететін. Тұрмысқа шығу да жоспарында жоқ. Қызымның қазір қайда қалғанын білмеймін», – дейді жылаған анасы.

Гүлдана жоғалып кеткеннен кейін оның әлеуметтік желідегі парақшалары да өшірілген.

«Қызымды көргендер болса, хабарласуларын өтінемін. Іздеп жатқанымызға 15 күн болды. Ешқандай хабар жоқ. Егер менің қызымды өз еркінен тыс ұстап отырған адамдар болса, Гүлдананы жіберулеріңізді сұраймын. Полицияға берген арызымды да қайтарып алуға дайынмын. Тек қызымның үйге аман-есен оралуын қалаймын», – деп үндеу жолдады Альбина Төлеуова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары