$ 444.22  476.38  4.82

Түрмедегі бүліктен 20 тұтқын мен екі күзетші қаза тапты

Тәжікстандағы түрмелердің бірінде болған бүліктен кем дегенде жиырма тұтқын және екі күзетші қаза тапқан. Бұл туралы бейсенбіде Agence France-Presse (AFP) агенттігі хабарлады.

Тәртіпсіздіктер сәрсенбі күні кешкісін елдің солтүстігінде орналасқан Худжанд қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеде болған. Бұған дейін Reuters агенттігі 13 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

AFP агенттігінің хабарлауынша, бүлік кезінде алты күзетші жараланған.

Мәліметтерге қарағанда, тұтқындардың бірі күзетшіге шабуыл жасағаннан кейін жаппай бүлік шыққан. Қала билігі түрмедегі келеңсіз жағдайды растаған, бірақ толыққанды ақпарат бермей отыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары