14.11.2018, 14:37

Қарағанды облысында әйелдер ВИЧ індеті жоқ деп балаларын емдеуден бас тартады

АИТВ жұқтырғандардар қазақстандық дәрігерлерді көбірек алаңдататп отыр. Тек Қарағанды ​​облысында күн сайын ВИЧ індетін жұқтырған бір адам анықталады. Бұл жылына шамамен 370 адам деген сөз.

Дәрігерлер қазақстандықтарды АИТВ (ВИЧ)-ға тексерілуге шақырады. Өйткені инфекцияның нақты саны ресми деректерге қарағанда бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Сарапшыларың айтуынша, ауру жүкті әйелдерде немесе отаға дайын адамдарда өте жиі кездеседі деп жазады ekaraganda.

«Негізінде, 20 жастан 40 жасқа дейінгі жас аралығындағылар осы ауруға шалдығады. Қарағанды ​​облысында аурудың 70% – бұл жыныстық қатынас арқылы жұғады», – дейді эпидемиолог Бахыт Құланова.

Таяу арада Түркістан аймағының сарапшылары да алаңдаушылық білдіріп отыр. Биылғы жылы облыстың перзентханаларында анасынан ВИЧ жұқтырған 44 бала дүниеге келді. 31 ана дерті туралы жүктілік кезінде ВИЧ-тің жоспарлы сынақтарын өткізгеннен кейін ғана білді.

Басқа аймақтарда мұндай жағдайлар көп. Бірақ Қарағанды ​​облысында әйелдер ВИЧ індеті жоқ деп  балаларын емдеуден бас тартады.

«Әкімшілік кодекс, қылмыстық кодекс бар, мәжбүрлі емдеу бар. Ең нашар жағдайда баланы отбасынан алып кетуге болады, кейіннен балалар үйінде емделуге болады», – дейді медициналық көмек бөлімінің жетекшісі Олга Орлова.

Бойында АИТВ-ға белгілері барына сенбейтіндер стоматологтарға, тырнақ немесе тату-салондарға барып жүр. Өз ауруы жайлы ешкімге ескертпейді. Сөйтіп барлық басқа адамдарға қауіп төндіреді. Кез келген адам АИТВ-ның сынақтарынан жиі өту қажет.

Ауруды емдеу тегін және қарапайым. Вирус бірнеше жыл бойы көрінбеуі мүмкін. Бірақ емдемесе, СПИД-ке айналады. Содан кейін иммунитет төмендейді, соңы қатерлі індетке апарады.

Дереккөз: Stan.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.