$ 494.87  520.65  4.91

«Өтінемін, мені асыға күтіңіздер»: Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай ата-анасына алғаш рет хат жолдады

Ақжарқын Тұрлыбайдың хатын оның ата-анасына заңгері Сұңқар Нұрмағамбетов жеткізді деп жазады Newtimes.kz

Заңгер хаттың қытай тілінде жазылғанын айтты.

«Қымбатты ата-анам менің! Сіздерге 4 жыл бойы алғаш рет хат жазып отырмын. Сіздерді қатты сағындым. Мама, мені көп уайымдай бермеңіз, денсаулығыңызды күтіңіз. Өйткені біз бір отбасымыз. Ал өзімнің денсаулығым жақсы, күнделікті спортпен шұғылданамын. Көп нәрсе үйрене алдым. Кішкентай қыз ендігіде бой жетті. Бұл жерде адамдар басқа, мәдениет те, білім алу да өзгеше. Мен көп дүниені түсіне бастадым. Сіздердің суреттеріңізге қарап, қатты сағынғанымды ұқтым. Үйіміз қатты өзгеріп кетіпті. Сіңлім әдемі болып бой жетсе, інім есейіп келе жатыр екен. Өтінемін, мені асыға күтіңіздер! Мен өмірімнің соңына дейін аяғымнан тік тұра алатын жағдайдамын. Мен білемін, сіздер маған үнемі қолғабыс боласыздар. Үміт бересіздер. Атам мен әжемнің маған үнемі әңгімелер айтқан сәттерін есіме түсіремін. Әр туған күнімде берілген сыйлықтарға дейін барлығы қаз қалпында есімде. Сіздерге көп рахмет!», – деп жазды Ақжарқын Тұрлыбай.

Айта кетсек, Ақжарқын Тұрлыбайды 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оны есірткі контрабандасы бойынша айыптаған. 2015 жылы ол өмір бойы бас бостандығынан айрылды. Алайда кейін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы өзгертіліп, іс қосымша сот қарауына жіберілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары