$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда көшенің қақ ортасында автобус өртеніп кетті деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшамауданының Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында болған.

Автобустың өртенгені туралы хабарлама өрт сөндірушілерге сағат 09:21 түскен.  Анықталғандай, №137 автобустың артқы дөңгелегінен өрт шығып, артынша тілсіз жау салонның ішін де шарпыған.

09:39 шамасында сөндіріліп басталған өрт, 09:59 уақытында бітті. Өрттен зардап шеккендер жоқ.  

Дереккөз: Nur.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары