$ 498.34  519.72  4.85

«Алматының жартысымен жатса да бәрібір»: блогер жігіт жезөкшені жақсы көретін досы жайлы айтты

Махаббат − әлемді өзіне еріксіз бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдірет иесі. Осындай бір сезімді бастан кешірген досы жайлы блогер Нұрлан Жанай өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Автор досының бір кездері саунада сатып алған қызымен әлі күнге кездесіп жүргенін айтады.

«Алғашында тек қызығушылық, әбден нәпсісін қандырған соң қоятын шығар десем, жоқ, жігітің әлгі жезөкшемен жарасып жүр. Бір ай өтеді, екі ай өтеді, жезөкшемен киноға барады, бірге саябақ аралайды. Секс қалған бір жақта, романтика басталып кеткен. Бізде алдымен романтика, кейін секс болса, оныкі керісінше кетіп қалған», − деп жазды ол.

Нұрлан досына бұл әрекетінің дұрыс емес екенін айтып, бірнеше рет райынан қайтаруға тырысқан. Бірақ онысынан түк шықпапты.

«Жезөкшеге үйлену деген де ыңғайсыз екен деп ұрсып жатырмын. Сонда ол былай деді: «Досым, адамның тәніне емес, жан дүниесіне ғашық болу керек. Алматының жартысымен жатса да, маған бәрібір, соған үйленемін. Қаншама жігіттер өз маxаббатынан теріс айналып, өзі сүймейтін, бірақ пәк қызбен болады. Сосын жарының көзіне өмір бойы шөп салып, маxаббатты сырттан іздейді. Сондықтан мен ондай екіжүзді болмаймын, мен оны сүйемін, ол да мені сүйеді. Ешқандай тойсыз бірге бақытты өмір сүреміз» деп аузыма құм құйды», − дейді блогер желідегі жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары