$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде желтоқсан айында қосымша пойыздар мен вагондар жүреді

Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді: Алматы-2 - Шымкент  – ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын  2 рейс.

Астана-1 – Павлодар  – ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.

Астана-1 - Алматы-1  – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.

Мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр: ҚР Тұңғыш Президенті күніне – 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін) ҚР Тәуелсіздік күні – 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері) Жаңа жыл мерекесіне - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында).

 Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары