$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда жоғалып кеткен жасөспірім 6 күннен бері табылмай жатыр

20 қараша күні жоғалып кеткен Эльдар Сеит әлі күнге табылмай жатыр деп жазады Lada.kz.

Гүлнар Тарапбекова 14 жастағы ұлының сол күні қара жейде, көк трико және қара аяқ киім киіп кеткенін айтады.

«Эльдар сағат 16:00 шамасында далаға ойнауға кеткен. Мен үйге келсем, ол әлі келмепті. Содан әлі жоқ», − дейді анасы.

Бірақ Эльдарды таныстары 25 қараша күні Жаңаөзенде досымен көріпті. Анасы соңғы кездері ұлының жаман әдеттерге әуестенуіне баласының досын кінәлайды.

Қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөміріне хабарласса болады: 8-778-632-50-46.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары