Әйгілі актер Джеки Чанның лесби қызы үйлену тойындағы суреттерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялады деп жазады Риа Новости.
Чжолинь Джеки Чанның некесіз туған қызы.
Ақ көйлектегі екі қыз да үйленгені туралы куәлікті ұстап суретке түскен.
«Біздің махаббатымыз жаңғырған және заңды некеге тұрған күніміз. Біз дүниеге келгеннен өз бақытымызды іздей бастағанбыз. Махаббат жеңді», – деп жазды Чжолинь.
Джеки Чанның қызы өткен жылы өзінің лесби екенін ашық жариялап, канадалық модель Энди Отоммен қарым-қатынасы жайында айтқан. Осы қылығы үшін оны отбасы үйден қуып жіберген.
Содан кейін қыздар Канадаға кетіп қалған. Алайда, үйлену тойындағы суреттің астына «Гонконгке әйелі әйелімен болып ораламыз» деп жазып қойыпты.