$ 444.22  476.38  4.82

Оралда автокөлік өртеніп кетті

Оралда 6 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында Достық даңғылындағы 232-үйдің маңында «Ауди» автокөлігі өртеніп кетті деп жазады «Мой город».

Жүргізушінің айтуынша, көлікті айдамағанына бірнеше уақыт болған екен.

«Көлік бұзылып тұрған. Бүгін оталдырғанымда бір дыбыс естідім. Қайта көліктен шығып үлгердім. Бірден өрт сөндірушілерді шақырдым. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Енді бұл көлікті айдамайтын шығармын», – дейді өртенген көліктің иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік #өрт #Орал