Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


10.12.2018, 09:11

Павлодар облысында үйінің ауласында оқ атқан ер адамға айыппұл салынды

Өз ауласында атыс қаруынан оқ атқан Железин ауданының тұрғынына айыппұл салынды деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Железин аудандық соты елдімекенде атыс қаруынан оқ атқан аудан тұрғыны И-ге қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, И. Ақтау ауылында, кешкі сағат 17.00 шамасында өз үйінің ауласында аңшылық мылтығынан оқ атқан.

Сот отырысында И. кінәсін толық мойындап, сол күні үйінде шамамен 1 литр сыра ішкенін айтты. Содан кейін ол аулаға шығып, қалдықтарды шоқып жүрген құстарды көреді. Үйінен мылтығын алып шығып, құстарға оқ атады.

Өзінің айтуынша, ол әлгі қаруды жарты жыл бұрын тауып алған, содан бері үйінде сақтап келіпті. Сот үкімімен И. кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК, яғни 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал аңшылық мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.