$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда екі студент пышақтан жарақат алды

Маңғыстау политехникалық колледжінің екі студенті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп жазады Lada.kz.

Бұл оқиға 11 желтоқсан күні Маңғыстау политехникалық колледжінде болған. Екі жәбірленушіні жедел жәрдем көлігі сағат 13:30 шамасында ауруханаға жеткізген. Студенттердің қалай пышақ жарақатын алғаны белгісіз.

Еске салсақ, Ақтауда осы жылдың шілде айында саунада массаж жасаушы мен екі қыз пышақтасқан болатын. Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ауруханасына пышақ жарақатын алған ер адам жеткізілген еді. Ал Ақтауда қазан айында пышақтан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары