Пришахтинск қаласындағы екі егіз бір-бірімен жанжалдасып қалған. Оның арты қайғылы жағдаймен аяқталды. Егіздің бірі сыңарының кеудесіне пышақ сұғып алған.
Бұл туралы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy тобында жазылған.
«Егіздің бірі сыңарының дәл кеудесіне пышақ сұғып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері жігітті шұғыл ауруханаға жеткізді. Алайда, пышақтан ауыр жарақат алған жігіт көліктің ішінде қайтыс болып кеткен. Ал күдіктіні полиция сол арада ұстады. Ол үйде болған, ешқайда қашпаған», — деп жазған автор.
Қайғылы оқиға болатын күні жігіттер алкогольдік ішімдік ішпеген екен.