$ 448.89  477.93  4.76

«Аяғынан айрылды»: Алматыда тепловоз адамды басып кеткен

Желтоқсанның 21-і күні кешкісін Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысындағы темір жол өткелі үстінде тепловоз басып кеткен ер адам аяғынан айрылған деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Зардап шеккен кісінің көмек сұраған дауысын естіген өзге адамдар жедел жәрдем шақырып, оны жергілікті ауруханаға жеткізген.

Полиция төтенше оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатыр.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары