Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


31.01.2019, 14:52

Қостанайда екінші сынып оқушысының әкесі баласын ұрысқаны үшін мұғалімді ұрып тастады

22 қаңтарда Қостанайдағы А.М.Горький атындағы гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімін ұрып кетті деп жазады kstnews.kz.

Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, сол күні мектепке екінші сыныпта оқитын қыздың әкесі сынып жетекшісімен сөйлесуге келген екен.

«Дене шынықтыру пәні мұғалімінің айтуынша, сабақта қыз тыныш отырмаған. Содан оған ескерту жасайды. Тыңдамаған соң ол қыздың көңіліне тиетін сөз айтқан. Сөйтіп кішкене қыз мектепте жүрген әкесіне мұғалімінің өзін ұрысқанын жеткізеді. Дәл сол кезде дене шынықтыру сабағы аяқталып, мұғалім оқушыларды сынып жетекішісіне тапсырған. Ары қарай өзі залға кетіп бара жатқанында қыздың әкесі алдынан шығыпты. Ол дәлізде мұғалімге айғайлап, оны ұрып, жағын сындырған. Сол уақытта әкесінің жанында қызы болған», - дейді мектеп директоры.

Мұғалімді ұрып жатқан сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бірден жедел жәрдем шақыртылып, мұғалім ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта дене шынықтыру пәні мұғалімі соққының салдарынан есін жоғалтып алғанын айтып, полицияға шағымданды.

Ал қыздың әкесі өз ісіне өкінбейтінін жеткізген.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.