Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

11.02.2019, 11:47

«Дос қыздарға сенбеймін»: Гауһар Әлімбекова өзінің өмірде қандай екенін айтты

Алты жылға бас бостандығынан айрылған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды. Өнер иесі осы жағдайдан кейін дос құрбыға деген сенімі жоғалып, үміті үзілгенін айтты. 

«Қыздарда ешқашан достық болмайды. Оған қыздардың пейілі жетпейді. Алла Тағала солай жаратқан ба? Қыздар бір-бірінің қуанышын көре алмайды. Мен өз басыма ғана жауап беріп жатырм. Мен ер адамдармен дос бола аламын. Алайда қыздармен дос болып аузым күйген бе, қыздарда достық болады дегенге сенбеймін.

Ақшаға байланысты дүние болса, мен оған жоқпын. Ақшаны жек көремін. Онша ұнатпаймын. Қандай дәрежеге жетсем де, бірінші Алланың, екінші өзімнің шыдамымның арқасында жеттім деп ойлаймын», – деді әнші «Астана» телеарнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында. 

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың «алаяқтық» бабымен жауапқа тартылып, 6 жылға бас бостандағынан айрылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін оның әріптестері жиналып, әншіні сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен шығарып алды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.