$ 494.87  520.65  4.91

«Өзіміздің ақылымыз жетеді»: Сәкен Майғазиев әншілерге шүйліккендерге жауап берді

Гауһар Әлімбекова істі болғаннан кейін әлеуметтік желіде жағымсыз жазбаларымен өнер адамдарын сынағандар көбейді. Желі қолданушыларына Сәкен Майғазиевтің өз айтары бар. 

«Өнер адамдары қайда қарап отыр? Ақша жинамай ма?» деп жатады. Өзіміздің ақылымыз жетеді.  Бір-бірімізге көмектесу керек екенін білеміз. Кейде адамдар біздің әнші екенімізді ұмытып кетеді. Онымен айналасатын заңгерлер бар», - деген әнші Гауһардың бостандыққа шыққанына қуанғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың «Алаяқтық» бабымен жауапқа тартылып, 6 жылға бас бостандағынан айрылғаны белгілі болды. Осыдан кейін оның әріптестері жиналып, әншіні сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен шығарып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары