$ 494.87  520.65  4.91

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (ВИДЕО)

Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан үш адам қаза тапты деп хабарлайды Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Осыған дейін екі адамның - әйел адам мен ер адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.

«Шамамен сағат 06.20-да 9-ықшамауданда жарылыс салдарынан зардап шеккендер жайлы мәлімет түсті. Барлығы алты адам зардап шекті, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Үш адам қалалық №1 және №2 ауруханаларға, сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үш адамға көмек көрсетіліп, олар үйіне жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, №47 мектеп базасына зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психолог мамандарының көмегі көрсетіліп жатқаны айтылады.

Төтенше жағдай туралы премьер-министр Асқар Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға болған жерге жөнелді. Мұның алдында көпқабатты үйде болған жарылыс орнында түсірілген видеолар жарияланған болатын. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, алты адам зардап шеккен. Олардың бірі - 14 жастағы бала, ауруханада ауыр жағдайда жатыр. 

Дереккөз: Tеngrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары