Солтүстік Қазақстан облысында автобус жүргізушісі 45 жастағы ер адамды қағып кетті деп жазады Петропавловск.news.
Қазіргі уақытта жарақаттанған кісі ауруханада жатыр.
«26 ақпан күні күндізгі сағат 13:30 шамасында Мира көшесіндегі 107 үйдің маңында автобус жүргізушісі 1974 жылы туған ер адамды қағып кетті. Ол автобус өтіп бара жатқан уақытта жолдан өтпекші болған. Ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.