$ 444.22  476.38  4.82

Петропавлда құтқарушылар 9 жасар қызды өртеніп жатқан үйден аман алып шықты (ВИДЕО)

Петропавлда 9 қабатты үйден өрт шықты деп жазады NewTimes.kz.

Баян көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны жайлы хабар төтеншеліктерге 7 сәуір күні сағат 15:34-те түскен. 

«Қызыл жалын жоғарғы қабаттың балконынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метр. 2010 жылғы қыз бала құтқарылды. 37 адам эвакуацияланды. Олардың 8-і балалар. Өрт сағат 16:11-де толық өшірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрт сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен, 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары