$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда ГАЗель өртеніп, жүргізушінің беті күйіп қалды

22 сәуір күні сағат 11:39 газель жүк көлігі өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД «101» пультіне Әуезов ауданы Райымбек даңғылында орналасқан «KazMart-1» ЖШС аумағында тұрған ГАЗель автокөлігінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен. 

Қызыл жалынның жалпы 6 шаршы метр. Өрт сағат 11:54-те  толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 1970 жылы туған жүргізушінің беті күйіп қалған. Жедел жәрдем бригадасы ер адамның күйігін танып, үйіне қайтарды. 

Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамның 9 маманы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары