$ 444.22  476.38  4.82

Астана іргесіндегі ауылда не су, не жол жоқ. Халық наразы

Ақмола облысындағы Қаражал ауылы тұрғындарының жүріп-тұруы қиындай түскен. Балшықтан көз ашпай келе жатқандарын айтқан олар NUR.KZ порталына мұңын шағыпты.

«Жыл сайын көктем мен күз мезілдерінде ауылда жүріп-тұру аса қиын. Бүкіл жер балшық. Көшелерді су басқан. Ауылда ішетін ауыз су жоқ. Балалардың мектепке баруы да қиын. Жаңа жылға дейін мектеп ашамыз деп уәде берген еді. Әлі күнге дейін оқушылар Ильинка ауылына автобуспен қатынайды. Ол автобус әр екі сағат сайын ғана жүреді. Ал жарық бұрынғы ескі ауылда бар. Жаңа үйдегілер жарықты ақылы қостырып отыр. Трансформаторды жалғау үшін 300 мың теңге керек», – дейді ауыл тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, қыс уақытында қарды уақытылы тазаламайды екен. Тұрғындар көліктерімен үйден шыға алмай қалмау үшін оларды жол бойына қалдырып кетеді. Ауа-райы қолайсыз жағдайда телефон байланысы жоғалып кететін көрінеді.

«Жолға себу үшін майда тасты біз өзіміз алып келеміз. Әкіммен болатын кездесулерде ауыл тұрғындары жолдарды тегістеу үшін трактор сұраған болатын. Өйткені қыстан соң жолда ойықтар қалып қояды. Балшықтан көзі ашылмай жатқан жолдан көліктер де жүре алмай қалған, балалар мектепке жете алмай отыр. Тіптен дүкеннен нан алып келу де қиын», - дейді атын айтпауды өтінген ауыл тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары