12.05.2018, 16:24

Шымкент тұрғыны өз әйелін жұмыс орнында пышақтап өлтірген

Шымкентте Мұхтар Əуезов атындағы ОҚМУ-дің ғимаратында ерлі-зайыптылар арасында шыққан жанжал өліммен аяқталды. Қанды оқиға 11 мамыр сағат 16.30 шамасында болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Марқұм әйел осы жоғары оқу орнының экономика факультетінің оқытушысы болып шықты.
Оны жедел жəрдем қызметі дереу облыстық клиникалық ауруханасына жеткізгенімен, құтқару мүмкін болмаған.
«Əйелдің кеуде тұсынан 5 пышақ жарақаты салынған. Біреуі дәл жүрекке тиген. Науқас ота кезінде тілге келмей қайтыс болды», - дейді жедел жəрдем қызметінің кезекші аға дәрігері.
Айта кетейік, пышақталып, ота үстінде жан тапсырған əйелдің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды.



Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.