$ 443.85  474.3  4.8

Балаларымның көзінше зорлап тастады: Елімізге танымал псевдосалафит жауапқа тартылмай тайрандап жүр

Жат ағым өкілдерінің әрекеттерінен жапа шеккендер көп. Алматылық келіншектің мына бір оқиғасы жүздеген жайттың бірі ғана. Бірақ назар аударуға тұрарлық. Есімін Айнұр деп атауын сұраған келіншекті ер адам шиеттей бала-шағасының көзінше зорлап, айуандық танытқан. Ең сорақысы, ол ер адам ел алдында беделі бар діни ұстаз екен. Дәстүрлі ислам емес, салафизм ағымының өкілі. Салафизм болғанда да ішіндегі мадхали бағытын ұстанушы. Ол қандай ағым? Айнұрдың ендігі тағдыры қандай? Бұл сұрақтарға жауапты «Еуразия» телеарнасының тілшілері іздеп көрді.

«Жұрт жақтап, қыз мақтаған» ері Айнұрға екінші рет үйленіп, талақ айтқан. Арада біраз уақыт өткенде жол жүруі себепті балаларға бір күнге келіп, жанында болып, қарап беруін сұрайды. Ойында ештеңе жоқ, келіншек келіседі. Келсе, қонақүй секілді үлкен жай екен. Бір бөлмесіне әкеліп, бүлдіршіндерімен бірге орналастырады.

«Мені балалардың көзінше төсекке құлатып, қылқындырып, қолдарымнан қайырып, аяқтарымнан, сандарымнан қысып, зорлап тастады», – дейді келншек. Осылайша бұрынғы күйеуі екі мәрте зорлап, зәбір көрсетеді.

«Ол елге діннен сабақ беріп жүрген мұсылман адам. Депутаттар, бастықтарға уағыз айтып жүрген адам» деген Айнұр бұрынғы күйеуінің Рамазан айында мұндай қадамға не үшін барғанын түсіне алмай дал.

Мұнан соң құзырлы орындарға шағымданып, тергеу басталады. Ал бұрынғы күйеуі тыйым салынған әдебиеттер үшін күдікке ілінген екен. Алайда, ол барлық тамыр-танысын салып, тергеушіге ықпал етпек болыпты.

«Өтірік деп айтсай, қайтарып алсай. Бәрібір бұның түбі жақсылыққа апармайды. Білесің ғой, мен бәрібір жеңіп кетемін. Сен түк істей алмайсың деп мені тергеп отыр», – дейді Айнұр.

Неге екенін белгісіз, ақыры бұл іс жабылып қалған. Шамасы ұстаздың ықпалы расында да күшті болса керек. Айнұрдың айтуынша, әуелде дұрыс сияқты көрінген ол кейін Мысырда тұрған уақытта елге барып келіп, бірден өзгерген. Бірақ сырт көз оны бір көргеннен жат ағымнының өкілі деп ойламайды.

«Сақалын өсірмейді. Балағын да қысқартпайды. Неге? Өйткені, ол өте қу. Ол тіпті, өз шәкірттері солай киініп жүрсе айтады: "Ей, олай киінбе, өзіңді ұстап берме. Мұның бәрін тыныш істеу керек. Сен сөзіңмен айта бер" дейді, яғни екіжүзділік танытады», – деп сөзін жалғады кейіпкер.

Әйелдің айтуынша, діндар күйеу салафизм ағымындағы мадхали бағытын ұстанады екен.

Сонымен Мадхалиттер дегеніміз кімдер? Мадхалиттер – 1932 жылы дүниеге келген сәләфилік ғалым Раби Ибн Хади әл Мадхалидің жолын ұстанушы Мединалық жамағат. Мадхалиттердің өзге Сәләфи ағымдардан айырмашылығы – олар үкіметке риясыз бағынады. Тіпті, билік тарапынан қудалаушылық көрсе де, саясатқа шек келтірмейді. Раби ибн Хади жиырма жылдай Мысырдағы Сейіт Құтып басшылық еткен «Мұсылман бауырлар» қозғалысында болған. Алайда, Құтыптың әділетсіз басшыны төңкеру керек деген қағидасына қарсы шығып, хариджит, ихуан немесе құтыпшылдар деп айыптап келген. 90-жылдары Мадхалидтің ұстанымын қолдаушылар көбейген уақытта Саудия билігі оның жамағатын саяси күш ретінде пайдаланды.

Ал бүгінде өздерін сәләфи санайтын сақалдылардың жайы белгілі. Қоғамда көпке қыр көрсетпей, тыныш жүргенімен олардың ішкі сырына сарапшылар былай деп баға береді:

«Бұлар тек қана бір ортаға келіп, бір бағытта жүру арқылы қоршаған ортаны жек көріп кетіп, халыққа кәдімгі қасқыр сияқты қарайтын болады. Сол арқылы сыйластық та, достық та, ата-анаға құрмет те кетеді», – дейді «Ақ ниет» беймідеу орталығының теолог кеңесшісі Рахымжан Сағынай.

Соңғы жылдарда сәләфизмге тыйым салу керек деген пікір, ұсыныстар да айтылып жүр. Алайда ол оңай болмай отыр.

«Бұл ағымға заңмен тыйым салу қажет. Дегенмен бұл псевдосалафизм – идея. Ата-баба тәжірибесін қазіргі заманға сәйкестендіре отырып, өзіміздің дәстүрлі діни жолымызды қалыптастыруды жүзеге асыру керек», – дейді ҚР ДАҚМ Дін істері комитеті, ғылыми-зерттеу мекемесінің бөлім басшысы Жарас Аханов.

Қазақстандағы қаба сақалдылардың санына қатысты соңғы сандар әзірге жоқ. Бірақ қолда бардың өзінен қауіптенуге болады. 2017 жылдың мамырына дейіні мәліметтерге сәйкес Қазақстанда дәстүрлі емес сәләфизм ағымын ұстанушылар саны – 17 мың адам. Белсенді идеологтар – 35. Олардың әрекеттеріне тосқауыл қойылғанын айта кету керек. Дәстүрлі исламға бейімделгендер саны 2014 жылы – 1076 радикал. 2015 жылы – 1995, 2016 жылы – 2086, 2017 жылы – 321 радикал.

«Адам өзін теріс ағымға дайындағанда психикаға әсер ететін жаттығулары, техникалырының өзі сырт көзге сыпайы болғынымен, ары қарай сол сектаның лидері үшін өзінің жанын беруге, адамның жанын алуға дейін баратын уақыттар болады», – дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Айнұр өзін керемет етіп көрсетіп жүрген діни адамдардың арты былыққа толып жатқанын өз көзімен талай көргенін айтады.

Жат ағымның жетегінде кетіп, адамдарды жылатқандар жүздеп, бәлкім, мыңдап саналар. Айнұрдың басынан кешкені бір ғана ой салуы тиіс. Себебі, оны зорлған псевдодіндар жауапқа тартылмады. Кейін екінші әйелін де талақ қылып тастап, тайрандап жүр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары