18.08.2018, 13:24

Елімізде жыл сайын 3 мыңдай оқушы қыз тұрмысқа шығады

Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанда қанша кәмелетке толмаған бойжеткен некеге отырғанын анықтады. Олардың нақты саны бірлестіктің арнайы зерттеуі барсында белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше біздің елімізде жылына шамамен үш мыңға жуық жасөспірім үйленіп жатады.

"Бірлестіктің жүргізген зерттеу жұмыстары аясында Қазақстандағы қыздардың сегіз пайызы 18 жасқа толмай ресми немесе бейресми некеге отырады. Олардың ішіндегі бес пайызы өзінен жоқ дегенде он жас үлкен ер азаматтарға тұрмысқа шығады", - деп мәлімдеді ұйым өкілдері.

Мамандар мұндай бойжеткендердің көпшілігі үйдегі зорлық әрекеттеріне тап болып жататынын да айтты.

Қыз-келіншектердің көбісі көрген қорлықтарын жағдай ушығып кеткен кезде ғана келіп айтып жатады. Бұл қадамға олар күйеулеріне білдіртпей барады.

Қиын жағдайға тап болған әйелдер үшін арнайы орталықтар да қарастырылған. Алайда, олар онла көп уақыт тұрақтай алмайды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.