$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбе облысында 25 ауылдың әкіміне 90 миллион теңгеге көлік сатып алынды

Ақтөбеде 25 ауылдық округтің әкіміне су жаңа қызметтік көлік берілді деп мәлімдеді Хабар-24 телеарнасы.

Шенеуніктерге көлік алу үшін облыстық бюджеттен 96 миллион теңге қаражат бөлінді. Жыл басында 59 ауылдық округтің әкімі көліктерінің ескіргендігін айтып, өтініш жазған. Енді бұл мәселе шешімін таба бастады. Жаңадан құрылған ауылдық округ басшылары да көлікті болды. Оның ішінде Қобда ауданындағы Талдысай ауылдық округі де бар. Болашағынан зор үміт күттіретін елді мекеннің мыңнан астам тұрғыны бар. Жалпы облыста 147 ауылдық округ тіркелген.

Жомарт Шабаров, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі:

– Бұған дейінгі алынған автокөлік 2007 жылы берілген болатын, одан кейін енді біраз жыл өтті. Енді қазір халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс-тіршілігін көтеруге, халықпен тығыз байланыс жасауға, түкпірдегі ауылдарға барып келіп, қатынасты, біздің жұмысымызды жүйелендіруге үлкен көмегін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары