$ 444.22  476.38  4.82

ҰБТ-да смартфонмен тікелей эфирге шыққан қызылордалық түлекке ешқандай шара қолданылмайды

Осыдан бірер күн бұрын Қызылордада ұлттық бірыңғай тест кезінде ұялы телефонымен тікелей эфирге шыққан қыздың видеосы әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Осы жайтқа қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ғаламторға тарап кеткен бейнежазбада талапкердің сұраққа жауап таппай қиналып жатқан құрдастарын түсіріп отырғаны анық көрінеді. Бетперде киіп алған өзін де көрсетуді ұмытпаған.  Ал телефонды аудиторияда емін-еркін қолданып отырған түлекке қой дейтін тексеруші байқалмайды. Білім басқармасындағылар үшін бұл қалыпты жағдайға ұқсайды. Тәртіп бұзған қызға ешқандай шара қолданылмайды дейді.

БАҒДАТ БЕРДӘУЛЕТ, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бала шығармашылық емтихан тапсырған. Қолы бос болған. Кезек күтіп, емтихан материалдарын өткізуге кезек күтіп отырған кезде түсірілген жағдай. Енді бала ереже талаптарын бұзып отыр. Телефонды алып кірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары