$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да ірі жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында ірі жол көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болып, тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 11 тамыз күні таңертең сағат 8-дер шамасында Төлеби ауданына қарасты Бадам ауылында орын алған. «Хово» жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, ВАЗ-21070 маркалы жеңіл көлікпен соқтығысыпты. Салдарынан ВАЗ көлігінің 1985 жылғы жүргізушісі мен 1960 және 1984 жылғы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, 1987 және 1992 жылы туған тағы екі жолаушы ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүк көлігінің 1991 жылғы жүргізушісі уақытша қамау абақтысына жабылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары