Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

03.09.2017, 12:41

Белсенділер үнді жұмысшыларын Қазақстаннан жаппай шығарып тастауды талап етуде

Informburo.kz

Кешегі Астанадағы қазақтар мен үнділер арасындағы жаппай төбелестен кейін полицейлер тек Қазақстан азаматтарын қамауға алғаны қоғам белсенділерінің ашуын туғызуда. Айта кетейік, бүгін Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Есіл аудандық ІІБ 8 азаматты қамауға алған. Оларға жағдайды ушықтырды деген айып тағылуда.

Ал, қоғам белсенділері болса қамаудағы қазақтарды босатып, Үндістан азаматтарын елден шығаруды талап етіп отыр. Айтуларынша, Қазақстанда онсыз да жұмыссыз жастар жетіп артылады.

Танымал саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, шетелдік жұмысшыларды Қазақстанға тартқан компанияарды Бас прокуратура тексеруі керек.

"Абу-Даби плаза кешеніндегі қақтығысқа үнділер мен олардың жұмыс берушілері кінәлі деп ойлаймын. Олар ең алдымен біздің қазақстандықтардың жұмыс орындарын иемденіп отыр. Жұмыс істеп жрген үнділердің барлығы жоғары білікті мамандар емес. Олардың істегенін біздің қазақтар да істейді. Демек, мұның артында жемқорлық тұруы мүмкін. Бас прокуратура шетел жұмысшыларын Қазақстанға тартудың қаншалықты заңды жүргізілгенін тексеруі қажет", - дейді саясаттанушы.

Ол сондай-ақ, үнді жұмысшыларын Қазақстаннан қууды талап етіп отыр.

"Үнділер басынып кетті. Жабылып бір күзетшіні соққыға жығуы соның айғағы. Ал, 40 қазақты ұстап, бірде-бір үндіні ұстамау - бұл қателік. Сондықтан, алдымен үнділерді ұстап, төбелес шығарғандарын жауапкершілікке тарту керек. Кейін айыппұл салып, Қазақстанға қайта орала алмайтындай етіп депортациялау қажет", - дейді Айдос Сарым.

Экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да қамауға алынған қазақ жігіттерін тез арада босатуды талап етті.

Ал, танымал журналист Қуандық Шамахайұлы үнділердің бұл әрекетін тойынғандықтың, басынғанықтың белгісі екенін жазды.

"Қасиеті Құрбан айт мейрамын сыйламай, Астананың төрінде ештеңеден қаймықпай төбелес шығарып ел-жұрттың мазасын алған, қазақты басынып астамсыған Үндістан азаматтарын ҚР заңдарымен соттап, шара қолдану керек. Егер шетелден нәпақа іздеп келгендер қарны тойған соң өз қызметтік міндетін атқарып отырған азаматтарымызды соққыға жығып, есіре берсе, оларға біздің құқық қорғау органдарымыз лайықты жаза жүктемесе, керісінше, отандастарымызды олардың алдында жығып берер болса, мұндайға төзе беру қиынға соғады", - деп жазды Қ.Шамахайұлы өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, Астанада Үндістан азаматтары мен қазақтар арасындағы төбелес 2 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында орын алды. Полиция болған жайтқа тұрмыстық жағдайда болған төбелес деген баға берді.

Алдын ала болжам бойынша, алкогольді ішімдік ішіп алған үні жұмысшысы жатақхана аумағына кірмек болғанда, күзетші оны өткізу бекетіне кіргізбей қойған. Жерлестерін шақырып келген үнді азаматы сол жерде күзетшіні соққыға жыққан көрінеді. Артынша жаппай төбелес орын алып, екі азамат түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

     

Пікір  

Өзгеріс
0 Өзгеріс 09.09.2017 18:04
Биліктегілер, халыққа ашық айтпайсыңдарма жұмыс істей алмаймыз, қолымыздан келмейді,қазақтың тілін білмейміз, білгіміз келмейді де деп, бірақ тірегіміз бен сүйенішіміз мықты, халық болып бізге ештеңе істей алмайсыңдар деп қазаққа ашық ақиқаттарыңды айтатын кез келді ғой, осыларыңды сендер айтпасаңдар да, қазақ осының бәрін біледі, қазақтың шыдамының таусылғанын күтіп жүрген шығарсыңдар, сендердің қазақтың алдында жауап беретін күндерің де алыс емес.
Казак
0 Казак 07.09.2017 11:52
Бiздiн билiктегiлерге не болган шеттерiнен бiресе кытайга бiресе ундiлерге жарбактап оз казагын ойласандаршы кiлен коркактар.
Қазақ
0 Қазақ 07.09.2017 08:35
Депутат, сенаторлар, министрлер мен биліктегілер, қайдасыңдар, үндерің шықпады ғой, әлде жағдайларың нашарлап кетеді деп алаңдап отырсыңдар ма,осындайда халықпен бірге болмағанда не үшін отырсыңдар , кім үшін отырсыңдар, кімге қызмет жасап жүрсіңдер,онда?
Отан
0 Отан 07.09.2017 08:27
Исекешев мырза, Отанымның жүрегі Астанада қалай әкім болып отырсыз, Қазақтың тілін бісмесеңіз? Сіздер қашан өзгересіздер, үнділерді ғана емес, талайларды Қазақ жерінде құтыртып қойдыңдар.
Уалихан
+1 Уалихан 05.09.2017 23:00
Басшылардың бәрі қазақ деп санамаймын, орысқа айналып орыс тілді болып қазақша жөнді сөйлей алмайды, өздерінің қалталарын ақшамен толтырса болды ештеңе ойламайды жандары ашымайды.
Кадыр
+1 Кадыр 05.09.2017 19:48
Шыгару керек,орнына казактарды алуга мумкиндик жасау керек, казактарга жаны ашитын адамдар болса биздин елимизде.
Қазақ
+2 Қазақ 05.09.2017 16:34
Ұйықта,қазақ! Үнді- басшы,біздің қазақ күзетші,Күзетшінің көңілінен сыз өтті... Ішіп келді,бұйрық берді,басынды.Соған қазақ күзетшісі ашынды... Үнді басшы, оған күйе жағылмас,Қазығы да қисық оның қағылмас... Оян десе керсінше ұйықтап, Ұйықта десе оянатын шығармыз. / С.Абенов/
Санчо
+1 Санчо 05.09.2017 15:37
Тыныштык керек.деп басындырып болды.балактагы бит баска шапты деген осы
Хамит
+1 Хамит 05.09.2017 13:47
Біздікілер тек қазаққа ғана әлі келеді. Басқаларға ауыздарын аша алмайды. Масқара! Енді қалғаны үндістерден таяқ жеп, түрмеге қамалу еді. Балық басынан шіриді. Неге бірде бір үндіс қамалмай тек казақтар қамал7ан.
Мухаммед
+1 Мухаммед 05.09.2017 11:26
Биздин билик осындай.....?
Хамит
+1 Хамит 05.09.2017 13:49
Енді қалғаны үндістерден таяқ жеу еді.
сырым
+1 сырым 04.09.2017 21:48
Қазақты басынбаған ұлт қалмады енді үндістер шықты масқара .8қазақты қамап бір үндісті жауапқа тартпағаны несі...
Қазақ
+1 Қазақ 04.09.2017 18:17
Тағы көтеріліс жасайық қазақтар
Қанатқали
+2 Қанатқали 04.09.2017 15:32
Үндістердің бәрін еліне қуып,жұмыссыз қазақтарды жұмысқа алу керек,құтырған екен әбден, сазайларын танытып қайда жүргенін естерінен кетпестей етіп қайтару керек еліне.Заң қайда......
Балзия
0 Балзия 04.09.2017 12:50
Оян қазақ!
Орынбасар
+3 Орынбасар 04.09.2017 12:07
Бүгін Абу дабиде жиналыс жасады Абу даби башылары жұмысшыларға, жұмысшылар индустардың жаппай кетуін сұрады, басшылар енді олар жұмыс жасамайды деп бір айты, екінші айтқаны осы жасап жатқан индустар жасай береді мамандықтары бойынша жұмыстары біткендерді жіпереміз битошылар битон құйып бітірдіме кетеді тағы сондай біткен сайын кетіреміздеп соқты,сонда ол индустарды аліде жіпергілері келіп тұрғанжоқ.шындап келгенде олардан біздің қазақ жұмысшылары өте артық жасайды,бірақ қазақтарды жалқауға санайды қазақтар өте жұмыскер келеді мен күнде көріп жүрем кім қалай жұмыс жасап жүргендерін.меніңде қалауым шетелдіктер қазақтарды басынбайтын заң шығарса деймін.
Ақмарал
+3 Ақмарал 04.09.2017 11:34
Мен Үнді елінде сауданың ретімен болғанмын,олар 20 рупий(біздің ақшамен 60 теңге үшін қожайынының табанын әр минут сайын жалауға бар.Біздің елге келіп тойынғандарына жол болсын."Құл құтырса ,құдыққа түкіреді"-деген осы шығар.
Қанатқали
+3 Қанатқали 04.09.2017 10:05
Ия бұл өте ұят жағдай, біз қазактар өз елімізде екінші орындамыз, біріші шетелдіктер оларға барлық жағдай жасалынған. Сондықтан есіріп ойларына келгенін жасап жүр.Қуу керек бәрін,қазақтарды босатыңдср.

б
Фатима
+4 Фатима 04.09.2017 09:58
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ, ДАТ! ҚАШАНҒЫ ӘРКІМГЕ ЖАЛТАҚТАП ӨМІР КЕШЕМІЗ! БІЗДІ АРАШАЛАҢЫЗ ӨТІНЕМ! САҒЫМЫЗ СЫНСА ҚАЗАҚ БОП ҚАЛАРЫМЫЗ ЕКІТАЛАЙ!
Абзал
+3 Абзал 04.09.2017 09:28
Қырғыздарда осы жағдай болғанда үнділердің біразын өлтіріп тынатын еді! Жуаспыз, жасқаншақпыз келімсектер билеген заман-ай!
Гулманат
+1 Гулманат 04.09.2017 08:43
Жаман уйдин конагы билейди дегендей бизге келип басына шыкканын караш шет елдиктер ай
Лаззат
+1 Лаззат 04.09.2017 11:00
Бул пикирге де толык келисемин. Мен Байконур каласында турамын, бул каланы Ресей жалга алган. Кыскасын айтсам, жергиликти халыктын сырты бутин , иши тутин! Амал жок, барар жер, басар тауымыз болмаган сон, сиз айткандай : "Жаман уйдин конагы билердин" ойына келген буйрыгымен омир сурип жатырмыз!
Гулманат
+4 Гулманат 04.09.2017 08:42
Жаман уйдин Конагы билейди дегендей
Дамыс
+1 Дамыс 04.09.2017 08:37
Карга карганын козин шукымайт.. бирак казак казакты олтиретин кунге жеттик казак бир бирин жау коред.. бунын барине ким кнали.
Лаззат
+1 Лаззат 04.09.2017 10:55
толыктай келисемин
Саркыт
+5 Саркыт 04.09.2017 06:16
Тек Астанадагы ундылер гана емес, око дада Кытайлар Казактарга карсы шыккан жайттар бар, неге тек казактарды камайды булар, булык шыгарган шет ел адамдарын жактап, бундайга тозе беретын уакыт отты енды карап отыоа алмаспыз
Даурен
+5 Даурен 04.09.2017 03:10
Өте ұят іс! Конфликтті бастаған үнді азаматы бола тұра, 40 шақты қазақ бауырларымызды неге қамауға алған? Басқа шет елдерде бұзақы жағдайда өзге елдің азаматтарын жауаптайдығо. Қасқа біздің қазақтар азап көре беретін. Үнділер көп құтырып кетіпті негізінде барғо, сабасына түсіру керек!!! Өз жерімізде өзге елдің азаматтарынан таяқ жеу өте ұят нəрсе! Моральный, физический ущерб төйлесін күзетшіге. Содан соң елден жаппай қуылсын!!!
Асқар
+7 Асқар 04.09.2017 01:28
Үндістер əбден тойынып болған ғой. Арақ ішіп қыдыруға уақыт тауып жүрсе жағдайының жақсы болғаны ғой. Елінен жұмыс таба алмай Қазақстанға қаңғып келіп өз қазағымызды сабау деген нағыз оңбағандық тойып секіру ғой. Бəрін елден шығарып қуу кеоек енді Қазақстанға кіре алмайтындай қылып.
Нұрлыбек
+9 Нұрлыбек 04.09.2017 01:27
Қазір ойлап отырмын, Америкада қазақ жігіттері, Қытайда қазақ қыздарын соттайды. Оларға араша жоқ. Ресейде өз ұлттарын қорғайды. Ал біздің елде өз қазағыңды мазақ қылып, қамауға алады. Сонда біздер қазақтар мал баққан елміз деп əркімге мал болып жүруіміз керек пе? Жоғарыда отырғандар елімізді, жерімізді ойламаса не үшін біз қазақпыз мың өліп, мың тірілген деп бөсеміз. Босатсын қазақтарды, үндістерді тексеріп еліне қайтарсын!
Ааааа
+4 Ааааа 04.09.2017 00:41
Кетсін.
жан
+2 жан 03.09.2017 21:59
каиран казагым
мурат
+2 мурат 03.09.2017 21:59
казакстан дегн ел бар алемде өз елінде өзі тіл жок өзі елынде ултын озі силамаитын кашан елб.оламыз жыаным казак.жлагым келеды .
Толық қолдаймын!
+6 Толық қолдаймын! 03.09.2017 21:23
Толық қолдаймын, қазақ азаматтары дұрыс шешім қабылдауда...
Ғалия
+8 Ғалия 03.09.2017 20:16
Айналайын Қазағымның Наны, суы недеген Құдіретті едің .Əр елден қаңғып келген келімсектер наныңды жеп тойынып өзіңе шабады. О Алла өзің жар бола гөр Қаракөз Қазағыма . ЕЛДІҢ жақсылары ! Құттырғаннан құтылған үнділерді еліне қайтарыңдар, басқаларға сабақ болсын !!!!
Сара
+19 Сара 03.09.2017 16:54
Өз еліңде сорлы болып жүрген қазақ бауырларым-ай. Қазақтан басқа ұлттың бәрі біздің жерімізде шалқып жүр ғой.
аноним
+25 аноним 03.09.2017 16:21
Тек Астанада ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне ешкім үндей алмайды гой. Қазақ таяқ жеп тұрса да, кінәлі боп шығады.
Даурен
+7 Даурен 04.09.2017 03:12
Байғұс қазағым. Дұрыс емес! Ешкім жаны ашымайдығо! Патриоттық сезім жоқ! Бір индусты қамауға алмағаны ұят!.... Сөз жоқ!
Қазақ
+24 Қазақ 03.09.2017 15:41
Өз жерінде ұлтан болған қазағым! Бұл жерде құқық қорғау органдары үндістердің емес, қазақстандықтардың құқығын қорғау керек қой. Олар неге үндістерді ұстамайды? неге оларды жауапқа тартпайды?
Ертай
+24 Ертай 03.09.2017 14:17
Айдос,Мұхтар,Қуандық ағаларыммен толықтай келісемін,елімізде екі қолға бір күрек таппай сандалып жүрген қаншама жастарымыз жүр.Əрине егерде жең ұшынан жалғасып шет елден арзан қол жұмыкерлерді тобырымен жинап алса қайдағы жұмыс біздің елде.Сосын өтірік сылтау айтып ,,қазақ жалқау,жатып ішер"-деген сасық ойдан арылсын біздің биліктегілер.
есен аманов
+2 есен аманов 04.09.2017 16:05
5 мың үндіске жұмыс табылғанда қазақ азаматтарына жұмыс жоқ сұмдық қой. Ертең сол 5000 Астананың дәл ортасында қолдарына қару алып шықса ІІД не істейді екекн. Айдос, Мұқтар, Қуандық дұрыс іс бастаған екен қолдаймыз. Жәйшылықта экранды босатпайтын "халық қалаулылары " қайда, әлі үкімет не айтады деп тосуда ма, 2016 жылыдай жер мәселесі бойынша
Талғат
+20 Талғат 03.09.2017 13:08
Исекешов -қазақша сөйлемесең сөйлеме,қандастарың үшін әрекет қыл енді!
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

DivideGroup — сайт әзірлеуші

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика